Швецияда мешіт өртеніп, 5 адам жапа шекті

Фотография - Швецияда мешіт өртеніп, 5 адам жапа шекті

Швецияның Эскильстуна қаласында белгісіз біреулер мешітті өртеп кетті

470 0

Швецияның Эскильстуна қаласында белгісіз біреулер мешітті өртеп кетті деп хабарлайды Reuters жергілікті полицияға сілтеме жасап. Оқиға кезінде ғибадат үйінде шамамен 20 адам болған. Өрт салдарынан олардың бесеуі зардап шекті. 

"Куәгерлердің бірі белгісіз тұлғаның мешіт терезесіне жанғыш зат лақтырғанын көрген. Осыдан кейін ғимарат қызыл жалынға оранды" дейді полиция қызметкері.

Жапа шеккен азаматтар ауруханаға жеткізілген. Ал, мешітті өртеген қылмыскер әлі ұсталған жоқ.

Дереккөздің хабарлауынша, осынау оқиға болмас бұрын елдегі "Швед демократтары" деп аталатын оңшыл партия өкілдері келімсектерге қарсы үндеулер жариялаған екен. Олар мигранттарға берілетін квота санын 90 пайызға қысқартуды талап етіп отыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?