456

Аргентина президенті ауруханаға жатқызылды

Фотография - Аргентина президенті ауруханаға жатқызылды

Аргентина президенті Кристина Киршнер жіліншігін шығарып алуына байланысты рождестволық демалысын тоқтатты. 

Buenos Aires Herald газетінің ақпараты бойынша, президент аяғын Санта-Крус провинциясында демалып жатқан кезінде қайырып алған. Дәрігерлер мемлекет басшысының аяғының жіліншігі арасындағы сіңірлерін созып алғанын анықтады.

Киршнер Буэнос-Айресқа қайтып келуге мәжбүр болған. Себебі Санта-Круста мереке кезінде жұмыс істейтін томографтар табылмаған.

Қарашада бұл президент ішектерінің қабынуына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Сырқатына байланысты оған Австралияда 15-16 қарашада өткен G-20 саммитіне қатысудан бас тартуға тура келді.

Бірнеше жыл бұрын Киршнер қалқанша безінің дертіне ота жасатқан.

Загрузка...