Хорватияда президент сайлауы өтті

Фотография - Хорватияда президент сайлауы өтті

314 0

Хорватияда президент сайлауы өтіп, бәсекелестері тиісті дауыс жинай алмады.

Соңғы мәліметтер бойынша, жексенбіде Хорватияда өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде бәсекеге түскен қазіргі президент Иво Йосипович те, оның басты қарсыласы Колинда Граба-Китарович те 50 пайыз дауысқа ие  бола алмай қалды. Екі үміткер қаңтардың 11-іне жоспарланып отырған дауыс берудің екінші кезеңінде қайта сайлауға түсуі мүмкін.

Сайлау учаскелерінде дауыс беруден кейін жүргізілген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, Социал-демократиялық партияның атынан түскен Иво Йосипович 38,9 пайыз дауыспен алда тұр. Консерваторлар өкілі, бұрынғы сыртқы істер министрі және НАТО бас хатшысының бұрынғы көмекшісі Колинда Грабар-Китарович 38,1 пайыз дауыс жинаған.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?