ИМ 6 айда 2 мың адамды өлім жазасына кескен

Фотография - ИМ 6 айда 2 мың адамды өлім жазасына кескен

"Ислам мемлекеті" (ИМ) маусымнан бері 2 мың адамды өлім жазасына кескен деп мәлімдеді Сириядағы адам құқықтарын зерттеумен айналысып жүрген ұлыбританиялық ұйым.

586 0

слам мемлекеті" (ИМ) маусымнан бері 2 мың адамды өлім жазасына кескен деп мәлімдеді Сириядағы адам құқықтарын зерттеумен айналысып жүрген ұлыбританиялық ұйым.

Зерттеу қорытындысы бойынша, "Ислам мемлекеті" Деир әл-Зоур, Рагга, Хама, Алеппо, Әл-Хасака қалаларында қарапайым 1200 азаматты өлім жазасына кескен. "Ислам мемлекеті" тұтқындарды ату, басын кесу, дарға асу арқылы өлтірген. 

Сондай-ақ "Ислам мемлекеті" құрамына шетелден келіп қосылған 116 еріктіні елдеріне қашпақ болғаны үшін өлтірген. Ұйым төрт мүшесін "ішкі қағидаларын сақтамағаны үшін" өлім жазасына кескен.

Ұйым 500-ге жуық сириялық сарбазды және басқа исламшыл топтардың 100-ге жуық мүшесін мерт қылған.

АҚШ Кобаниде ұйымдастырылған коалицияның әуе шабуылы "Ислам мемлекетінің" 13 ошағын жойғанын мәлімдеді.  


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?