552

"Ислам мемлекетінің" содырлары өз жақтастарын қырып салды

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының содырлары өзінің 116 жақтасының көзін жойды
Фотография - "Ислам мемлекетінің" содырлары өз жақтастарын қырып салды

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының содырлары өзінің 116 жақтасының көзін жойды The Daily Mail. Қаза тапқандардың барлығы шет мемлекеттерден келіп, "ислам үшін" соғысқан азаматтар. Олар өз отандарына қайтпақ болғанда ұйым жетекшілерінің қаһарына ұшыраған. 

Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) деп аталатын құқық қорғау ұйымының мәліметінше, қайтыс болғандардың барлығы осыдан жарты жылдай уақыт бұрын "Ислам мемлекетінің" қатарына өз еріктерімен қосылған екен. Бәлкім шалыс басқандарын түсінсе керек, отандарына қайта кетпек болған сәтте топ жетекшілері оларды сөзге келместен қырып салды.

Айта кету керек, соңғы алты ай көлемінде "ИМ" өкілдері 1878 адамды өлім жазасына кескен. Олардың 502-сі Сирия әскерінің тұтқынға түскен сарбаздары болса, 81-і бәсекелес ұйымдардың өкілдері. 

Загрузка...