451

1 қаңтардан бастап Латвия Еуроодаққа төрағалық ете бастады

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвия жарты жыл бойы Еуропалық одаққа төрағалық ететін болды.
Фотография - 1 қаңтардан бастап Латвия Еуроодаққа төрағалық ете бастады

 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвия жарты жыл бойы Еуропалық одаққа төрағалық ететін болды.

Латвияның бұл төрағалығының басты қағидаттары одақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделген, оның ішінде экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды жақсартуға бағытталған инвестицияларды қарастыратын «Юнкер жоспарын» жүзеге асыру да бар. Негізгі басымдықтар ретінде сандық технологиялар нарығы да, халықаралық саясаттың жаһандық деңгейдегі субъектісі ретіндегі ЕО-тың әлемдегі рөлін арттыру да көзделіп отыр.

Еуроодақтың халықаралық дәрежесіне келсек, ЕО-ты «Шығыстық әріптестік» саясатында ілгерілету мақсаты да қойылған. Бұл бағдарламаға қатысатын елдердің саммиті мамыр айында Ригада өтеді, деп хабарлайды Росбалт.

Загрузка...