AirAsia ұшағы апатқа ұшыраған маңайдан 9 адамның денесі табылды

Фотография - AirAsia ұшағы апатқа ұшыраған маңайдан 9 адамның денесі табылды

Малайзиялық AirAsia ұшағы апатқа ұшыраған Ява теңізі маңайынан құтқарушылар тоғыз адамның денесін тапты, деп хабарлайды ВВС.

410 0

Малайзиялық AirAsia ұшағы апатқа ұшыраған Ява теңізі маңайынан құтқарушылар тоғыз адамның денесін тапты, деп хабарлайды ВВС.

Бұдан бұрын жеті адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын. 

Жолаушылардың бірінің жеке басына қатысты мәліметтер саусақтарының таңбасы мен хирургиялық ота іздері арқылы анықталды. Сондай-ақ бұл азаматшаның киімінің қалтасынан оның кім екенін куәландыратын құжаты табылды. 

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтар күні әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты 40 минуттан кейін жоғалтып алған.

Әуе көлігінің ішінде 162 адам болған, олардың арасында Корея Республикасының үш азаматы, бір сингапурлық азамат және Малайзияның бір тұрғыны болған, қалған 157-сі - Индонезияның азаматтары.

Қазіргі таңда апатқа ұшыраған ұшақты іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?