385

"Жемқорлықты қолдаған" Путин жыл адамы атанды

Штаб-пәтері Сараевода орналасқан халықаралық жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты тексеру тобының (OCCRP) зерттеуші журналистері Ресей президенті Владимир Путинді ұйымдасқан қылмысқа қосқан үлесі үшін 2014 жылдың "Жыл адамы" ретінде таныды.
Фотография - "Жемқорлықты қолдаған" Путин жыл адамы атанды

Штаб-пәтері Сараевода орналасқан халықаралық жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты тексеру тобының (OCCRP) зерттеуші журналистері Ресей президенті Владимир Путинді ұйымдасқан қылмысқа қосқан үлесі үшін 2014 жылдың "Жыл адамы" ретінде таныды.

 

"Бұл жетістікті өмірдің басты сыйлығы ретінде қабылдауға болады" дейді OCCRP редакторы Дрю Салливан.

Сарапшылар Путиннің Ресейді ақша сіңіретін ірі орталыққа айналдырғанын, Қырым мен Донбаста ұйымдасқан қылмыстың өршуіне мүмкіндік бергенін айтады.

Бұл номинацияға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен Черногория премьер-министрі Мило Джуканович те ұсынылған.

Загрузка...