Армения Еуразиялық экономикалық одаққа қосылды

Фотография - Армения Еуразиялық экономикалық одаққа қосылды

Бүгін Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы шарт күшіне енеді. Армения Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың төртінші толық құқықты мүшесі атанады.

343 0

 Бүгін Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы шарт күшіне енеді. Армения Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың төртінші толық құқықты мүшесі атанады.

ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай, осы құжат арқылы Армения Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылады. Еске сала кетсек, Астанада 2014 жылғы 29 мамырда бірлестікке мүше мемлекеттер Президенттері  Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин шартқа, сондай-ақ ЕАЭО құқықтық базасына кіретін басқа да халықаралық құжаттарға қол қойған болатын. 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап Армения тиісті міндеттеме алады, бұл ретте Одақтың бірыңғай нарығына (170 млн адам) қол жеткізеді.

Еуразиялық экономикалық одаққа қосыла отырып, мемлекет еуразиялық жобаны іске асыруға толыққанды кіріседі.

Қосылу туралы шарт Армения өкілдерінің Одақтың басқару органдарының жұмысына толықтай кіретінін айқындайды. Шарт күшіне енген сәттен бастап Армения президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің толыққанды мүшесі, ал премьер-министр ЕЭК Кеңесінің  өкіліне айналады. Еуроазиялық экономикалық комиссия  алқасында Арменияның Одақтың басқа да қатысушы елдері сияқты  үш мүшесі болады.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?