435

Түркия президентінің резиденциясына шабуыл жасалды

Белгісіз біреу Стамбұлдағы президент Тайып Режеп Ердоғанның резиденциясына шабуыл жасады. Ол сарай күзетшілеріне оқ жаудырып, жарылғыш зат лақтырған, бірақ граната жарылып үлгермеді.
Фотография - Түркия президентінің резиденциясына шабуыл жасалды

Белгісіз біреу Стамбұлдағы президент Тайып Режеп Ердоғанның резиденциясына шабуыл жасады. Ол сарай күзетшілеріне оқ жаудырып, жарылғыш зат лақтырған, бірақ граната жарылып үлгермеді. 

Мамандар снарядты алыстан залалсыздандырған. Күдікті де бірден қолға түсті, деп хабарлайды  khabar.kz.

Шабуыл салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлер қаскүнемнің жеке басын анықтады. Ол бұрын да түрмеде отырған болып шықты. Бірақ тәртіп сақшылары толық мәлімет беруден бас тартты. Қазір шабуыл жасалған аумақ қоршауға алынып, тергеу жүріп жатыр. 

«Біз белгілі лаңкестік ұйымның мүшесі деп отырған ер адам 2 гранатаны полиция бекетіне қарай лақтырды және сосын оқ жаудырды. Біздің әріптестеріміз оны қашпаққа әрекеттенген кезінде ұстады»,-деп мәлім етті Стамбұл полициясының басшысы Селами Алтынок. 

ҚазАқпарат 

Загрузка...