507

Бельгияда Қытай шамдарының шоуы өтті

Бельгияның Антверпен қаласының хайуанаттар бағында Қытайдың шамдар шоуы көпшіліктің назарын аударды.
Фотография - Бельгияда Қытай шамдарының шоуы өтті

Бельгияның Антверпен қаласының хайуанаттар бағында Қытайдың шамдар шоуы көпшіліктің назарын аударды. Аспан асты елінде әртүрлі шамдармен жарқыраған фестиваль ақпан айында тойланатын Жаңа жылдың ажырамас бөлігі.  Әзірше жарқ-жұрқ еткен оттар мерекесі бельгиялық зообақтың көркін ашты. Шамдар шоуында мыңдаған фонарлардың көмегімен әртүрлі ертегі кейіпкерлері бейнеленді. Әсіресе бұл көрініс түн ішінде аңдар қатты ұйқыға кеткен сәтте қызық. Өйткені келушілер Қытайдың алып айдаһарын, керіктерді, мүйізтұмсық пен пингвиндерді тамашалап, мәре-сәре болады.
khabar.kz

Загрузка...