Сурабая-Сингапур бағытындағы рейстерге шектеу қойылды

Фотография - Сурабая-Сингапур бағытындағы рейстерге шектеу қойылды

Индонезия билігі AirAsia әуе компаниясына апатқа ұшыраған лайнердің бағыты бойынша ұшуға тыйым салды. Азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, тергеу жұмысы аяқталмайынша аталған ұйымға тиесілі әуе кемелеріне Сурабая-Сингапур бағытында сапарға шығуына шектеу қойылды.

354 0

Индонезия билігі AirAsia әуе компаниясына апатқа ұшыраған лайнердің бағыты бойынша ұшуға тыйым салды. Азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, тергеу жұмысы аяқталмайынша аталған ұйымға тиесілі әуе кемелеріне Сурабая-Сингапур бағытында сапарға шығуына шектеу қойылды. Оған әуе компаниясының бағыттар кестесі бойынша тәртіпті бұзуы себеп болып отыр.  Мәселен, өткен жексенбі күні Сурабаядан Сингапурге бағытталған әуе рейсін жүзеге асыруға компанияның құқығы жоқ екен. Және компания басшылығы кестені өзгертетіні туралы индонезиялық билікке ешқандай ескерту жасамаған.  Апаттан жазым болғандардың денесін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бірақ құтқарушы топқа күшті толқындар орасан зор кедергі келтіруде.  Соңғы мәліметтер бойынша, күні бүгінге дейін 30 адамның денесі табылған.

khabar.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?