421

Шулы іске қатысты тағы 10 полицей қамауға алынды

Мексиканың Игуала қаласында 43 студенттің жоғалуына қатысты іс бойынша тағы 10 полицей тұтқынға алынды. Жалпы осы шулы істі тергеу барысында 90-ға жуық адам қамалды. Олардың 60-сы тәртіп сақшылары.
Фотография - Шулы іске қатысты тағы 10 полицей қамауға алынды

Мексиканың Игуала қаласында 43 студенттің жоғалуына қатысты іс бойынша тағы 10 полицей тұтқынға алынды. Жалпы осы шулы істі тергеу барысында 90-ға жуық адам қамалды. Олардың 60-сы тәртіп сақшылары.  Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында Герреро штатындағы Игуала қаласында 43 студент із-түзсіз жоғалып кеткен. Жастардың барлығы білім беру саласына енгізілген реформаға қарсылық білдіріп, наразылық шеруіне шыққан болатын. Кейіннен олардың барлығын жергілікті полицейлер ұстап, қылмыстық топтардың қолына тапсырғаны анықталды. Ал қылмыскерлер студенттерді өлтіріп, мәйіттерін өртеп жібергенін мойындады. 

http://khabar.kz

Загрузка...