Апатқа ұшыраған AirAsia ұшағының 34 жолаушысының денесі табылды

Фотография - Апатқа ұшыраған AirAsia ұшағының 34 жолаушысының денесі табылды

Ява теңізінде жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмыстары барысында тағы төрт адамның мәйіті табылды. Осылайша желтоқсан айының соңында апатқа ұшыраған AirAsia әуе компаниясы ұшағының барлығы 34-ші жолаушысы табылып отыр.

470 0

Мамандар операция жүріп жатқан аумақтың ауданын кеңейткенімен өзге жолаушылардың денесі табылар емес. Құтқарушылардың болжамынша, олар су астында жатқан ұшақ қаңқасының арасына қысылып қалған.

Оның үстіне құтқару жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы да кері әсерін тигізуде.

Естеріңізге салайық, 28 желтоқсан күні Индонезияның Сурабая қаласынан Сингапурге бет алған Airbus А320 ұшағы Ява теңізінің үстінде жоғалып кеткен болатын. Кейін оның апатқа ұшырағаны анықталды. Ұшақтың бортында барлығы 162 адам болған. 

Baq.kz

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?