Токиодағы бәссаудада көгілдір тунец $37,5 мың долларға сатылды

Фотография - Токиодағы бәссаудада көгілдір тунец $37,5 мың долларға сатылды

Токиодағы белгілі Цукидзи балық нарығында жаңа жылдағы алғашқы бәссауда өтті. Жергілікті рестораторлар ең ірі, сапалы скумбрия тұқымдас балықты сатып алуға бәсекелесті.

476 0

Токиодағы  белгілі Цукидзи балық нарығында жаңа жылдағы алғашқы бәссауда өтті. Жергілікті рестораторлар ең ірі, сапалы скумбрия тұқымдас балықты сатып алуға бәсекелесті. 

Басты лот - Аомори префектурасы жағалауында Тынық мұхитынан ауланған 180 келілік көгілдір тунец бәсссаудада 4,5 млн иенге (37,5 мың доллар) сатылды.

Өткен жылғыдай оны токиолық ірі Kiyomura суси-мейрамханалар желісінің иесі Киёси Кимура сатып алды.

Еске сала кетсек, бұрнағы жылы 222 келілік көгілдір тунец 155,4 млн иенге (сол кездегі бағам бойынша 1,49 млн доллар) сатылған болатын.

Жапонияда жыл сайын әлемдегі ең ірі балық нарықтарының бірі саналатын Цукидзиде  тунецті  жеткізу жағы қиындай түсуде. Аулауға берілетін халықаралық квота қысқарды, сонымен бірге Азия өңірінің басқа елдерінде, әсіресе Қытайда оған деген сұраныс артуда.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?