Тайванның бұрынғы президенті қамаудан босатылды

Фотография - Тайванның бұрынғы президенті қамаудан босатылды

Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты тұтқындалған Тайваньнің бұрынғы президенті денсаулық жағдайына байланысты қамаудан босатылды.

422 0

Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты тұтқындалған Тайваньнің бұрынғы президенті денсаулық жағдайына байланысты қамаудан босатылды.

Саясаткер нейродегенеративтік дертке шалдыққандықтан ем-дом алу үшін  бір айға босатылған, деп хабарлайды Ассошиэйтед пресс.

Басқа деректерге сүйенсек, жазасын өтеушінің денсаулық жағдайын ай сайын тексеріп тұру қажеттілігіне байланысты қамақ мерзімі шартты мерзімге ауыстырылған. Түрмеде 64 жастағы Чэнь Шуйбянның жүрегі сыр берген, ұйқысы бұзылып, торығуға ұшыраған,  тіпті өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған.

Чэнь ел басқарған 2000-2008 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлық жасады деген айыппен 2009 жылы жұбайымен бірге сотталған.

Бастапқыда жаза мерзімі 18,5 жыл болған, кейіннен 20 жылға ұлғайтылды. Таяу күндері сот пара алғаны үшін бұл мерзімге тағы бір жарым жыл қосты.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?