746

Германияда медицина қызметкері 30 науқасты өлтіргенін мойындады

Фотография - Германияда медицина қызметкері 30 науқасты өлтіргенін мойындады

Германияда бұрынғы медицина қызметкері Дельменхорсте қаласының ауруханасында жұмыс істеп жүрген кезінде 30 адамды өлтіргенін мойындады. 38 жастағы ер адам науқастарды өлтіру үшін жүрек препаратының дозасын шамадан тыс пайдаланған, деп хабарлайды BBC.

Белгілі болғандай, медицина қызметкері науқастарды 2003 пен 2005 жылдар аралығында өлтірген. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам адамдарға ине салып, кейіннен оларды өмірге қайта әкелмек болған. Осылайша өзінің медициналық қабілетін жетілдіруді көздепті.

2008 жылы аурухана қызметкері адам өміріне қастандық жасағаны үшін 7,5 жылға сотталған еді.

 

bnews.kz сайтынан

 

Загрузка...