552

«Реал» стадионынан жарылыс қаупінен көшірілді

Мадридтік «Реал» аренасы - «Сантьяго Бернабеу» стадионы маңынан табылған бомба жарылуы қаупінен адамдар көшірілді.
Фотография - «Реал» стадионынан жарылыс қаупінен көшірілді

Мадридтік «Реал» аренасы - «Сантьяго Бернабеу» стадионы маңынан табылған бомба жарылуы қаупінен адамдар көшірілді, деп хабарлады «Российская газета».

Клубтың ресми Твиттері хабарлағандай, жарылғыш зат қаланың теміржол вокзалы жанындағы қоқыс салатын жәшіктен табылған.

Испандық БАҚ-тың хабарлауынша, полиция бомбаны зарарсыздандырды, зардап шеккендер жоқ.

«Реал» аренасы 1947 салынған, ол «корольдік клуб» президенті Сантьяго Бернабеудің есімімен аталған, ол басқарған тұста (1943-1978) мадридтіктер алты еуропалық чемпиондар кубогын жеңіп алды және көптеген елішілік жарыстарда жеңіске жетті.

«Сантьяго Бернабеуде» алғашқы матчты команда 1947 жылы 14 желтоқсанда португалдық «Белененсешпен» өткізді (3:1). Аренаға 85 600 көрермен сияды. Стадион 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалын және 1982 жылғы ғаламшар біріншілігін қабылдады. «Сантьяго Бернабеуде» сондай-ақ төрт рет (1957, 1969, 1980  және 2010 жылдарда) чемпиондар лигасы өтті. 

 

 

Загрузка...