535

АҚШ-тың Мичиган штатында 193 автомобиль соқтығысты

Мичиган штатындағы күре жолда 193 автомобиль соқтығысты, олардың араында 76-сы жүк көліктері
Фотография - АҚШ-тың Мичиган штатында 193 автомобиль соқтығысты

Мичиган штатындағы күре жолда  193 автомобиль соқтығысты, олардың араында 76-сы жүк көліктері, деп хабарлайды РБК  ABC News телеарнасына сілтеме жасап.

Полицияның ақпаратына қарағанда, жол-көлік апатына ұшыраған автомобильдердің арасында 20 тонна қауіпті заттар және отшашулар тиелген жүк көліктері болған.

Келеңсіз оқиға салдарынан жүргізушілердің бірі - 57 жастағы Квебек тұрғыны қаза тапты. Кем дегенде 20 адам жарақаттанған, олардың ішінде өрт сөндіруші мен эвакуатор жүргізушісі бар.

Аса ірі жол апатына қардың көп мөлшерде жаууы себеп болған. Полицейлердің айтуынша, күре жолдың қашан тазартылатындығы әзірге белгісіз.

Загрузка...