504

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі жер сілкінісінен мың жарым адам зардап шекті

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық (ШҰАА) өлкесінің Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысында жер сілкінісі салдарынан 1,5 мың адам зардап шекті
Фотография - Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі жер сілкінісінен мың жарым адам зардап шекті

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық (ШҰАА) өлкесінің Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысында жер сілкінісі салдарынан 1,5 мың адам зардап шекті, деп хабарлады қытайлық БАҚ. 

Қытай сейсмологиялық стансасы орталығының деректеріне сүйенсек, магнитудасы 5 балл болатын жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 12:50-де болған. 

Апат орталығы Атуш қаласына жақын жердегі Қаражол елді мекенінде 51 үй қирап, 1 508 жергілікті тұрғын зардап шекті. Олар уақытша 
туысқандарының үйіне, мемлекеттік мекемелер мен клиникаларға орналастырылды.

Қаражолда барлығы 17 499 адам бар. Еске салсақ, бұл жер сілкінісін 2015 жылғы 10 қаңтарда сағат 12.50 минут 43 секундта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі тіркеді. 

Загрузка...