Куба 53 саяси тұтқынды түрмеден босатты

Фотография - Куба 53 саяси тұтқынды түрмеден босатты

457 0

Куба АҚШ президенті әкімшілігімен екі ел қарым-қатынасын қалпына келтіру жөніндегі келіссөзде келісілген 53 саяси тұтқынды түрмеден босатты. Бұл жайында Reuters агенттігіне аты-жөнін атамаған Ақ үй өкілі хабарлаған.

Куба бұл қадамы арқылы қаңтардың 21-22 күндері Гаванада өтетін америка-куба диалогының келесі кезеңі алдында тұрған кедергіні жойған. Дегенмен, Ақ үй өкілі АҚШ қамауда отырған кубалық басқа да саяси тұтқындарды босатуға күш сала беретінін айтады.

Ақ үй қаңтардың 12-сінде Конгресс өкілдеріне екі ел дипломатиялық қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін түрмеден босатылуы тиіс кубалық диссиденттер тізімін тапсырған.

Конгресс мүшелері соңғы апталарда Барак Обама әкімшілігін Гавананы "ар-ұждан тұтқындарын" босатуға берген уәдесін орындата алмай отыр деп сынаған.

Таяу күндері Обама әкімшілігі Кубамен туристік және іскерлік байланыстарды жеңілдететін, Конгрестің мақұлдауын қажет етпейтін бірқатар шаралар қабылдамақ.​

Ақ үй осыдан 53 жыл бұрын жабылып қалған АҚШ-тың Гаванадағы елшілігін қайта ашуды мақсат етіп отыр. Барак Обама әкімшілігі республикашылар басым Конгресс таяу болашақта Кубаға салынған эмбаргоны толықтай жоюға келіседі деген үмітте.

 

 

azattyq.org


Тегтер:

куба

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?