АҚШ келесі жылы әскери шығынды азайтпақшы

Фотография - АҚШ келесі жылы әскери шығынды азайтпақшы

АҚШ 2016 жылы сырттағы соғыстарға жұмсалатын қаржыны 20 пайызға азайтуды көздеп отыр

359 0

АҚШ 2016 жылы сырттағы соғыстарға жұмсалатын қаржыны 20 пайызға азайтуды көздеп отыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

 Федералдық бюджет жобасы негізінен 2016 жылдың 1 қазанынан басталады. Ал, Ақ үй болса ақпан айында бірақ жариялайды. Ресми ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, АҚШ президенті Барак Обама шетелдік ұйымдарға тек 51 млрд доллар қаржы бөлуді тапсырған.
Биылғы жылы шет елдегі соғысқа 63,7 млрд қаржы жұмсалатын болады. Негізінен бұл Ауғанстан, Ирак, Сирияға қатысты.
Жалпы, әскери шығындар еш өзгеріссіз қалады. Бөлінетін 585 млрд доллардың 534 миллиарды міндетті түрде Пентагонға жұмсалады.
Әскери шығындардың қысқару себебі АҚШ пен Ауғанстан арасындағы жағдайдың жылдан-жылға дұрысталып келе жатқанымен байланысты. Алдағы уақытта Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың саны 9,8 мыңға дейін азаяды. Ал, 2015 жылдың соңына қарай, тағы екі есеге қысқарса, 2016 жылы толығымен елдеріне қайтатын болады.


Тегтер:

АҚШ әлем

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?