Brent мұнайының бір баррелі $47-дан төмендеді

Фотография - Brent мұнайының бір баррелі $47-дан төмендеді

12 қаңтарда өткен лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны $47 дейін төмендеді.

421 0

12 қаңтарда өткен лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны $47 дейін төмендеді. 

Ақпандағы жеткізілімдегі мұнайдың ең төменгі бағасы баррелі үшін $46,66 болған. Сауда нәтижесі бойынша Brent баррелінің құны $47,43 құрады.
Ақпандағы жеткізілімнің минималды келісімшартында WTI мұнайының бір баррелі Нью-Йорктегі саудада $45,30 деп көрсетілген. Күн қорытындысы бойынша WTI баррелінің бағасы $46,07 құрады.

Американдық мұнай бағасы елдегі мұнай қорының ұлғаюы аясында арзандады. Бұл жаһандық деңгейде мұнайдың көп болуына әкеледі, деп атап өтті Bloomberg. Соңғы бір аптаның ішінде АҚШ-та мұнай қоры 384,1 млн баррельге дейін артты.

Bank of America Merrill Lynch сарапшылары ең қиын кездерде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі $40 дейін арзандайды деп санайды. Ал американдық сарапшылардың айтуынша, WTI мұнайының бір баррелі $35 дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі салдарынан Сауд Арабиясы немесе ОПЕК құрамына кірмейтін елдер мұнай өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр болады, делінген сарапшылық хабарламада.

Жуырда Сауд Арабиясы королінің немересі және атақты араб инвесторларының бірі ханзада әл-Валид ибн Талал әл Сауд USA Today журналистеріне берген сұхбатында мұнай баррелінің бағасы $100 деңгейіне көтерілетінін жоққа шығарды. Мұнайды өндіру көлемі қазіргі деңгейде, ал сұраныс осылайша аз болса, онда мұнай әрі қарай арзандайды, деді ханзада. Өндіріс көлемін азайтып, сұраныс артса, онда қымбаттайды, алайда бір баррелінің құны $100 дейін жетпейді, деп қосты ол.

«Енді мұнайдың бағасы еш уақытта $100 дейін көтерілмейді деп ойлаймын», - деді сауд ханзадасы бір жыл бұрын айтқан сөзін еске салып, деп жазды РБК.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?