АҚШ Фазлулланы халықаралық террорист деп таныды

Фотография - АҚШ Фазлулланы халықаралық террорист деп таныды

АҚШ мемлекеттік департаменті "Талибанның" Пәкістандағы қанатының жетекшісі Мавлана Фазлулланы халықаралық террорист деп жариялады. Енді Фазлулланың АҚШ-тағы кез-келген әрекеті қылмыс деп танылып, барлық активтері бұғауланады.

302 0

Фазлулла желтоқсанның 16-сында Пешавардағы мектепке жасалған шабуылды мойнына алған. Ол шабуылдан қаза тапқан 150 адамның көпшілігі балалар.

2012 жылы Фазлулла мектепте оқитын құқық қорғаушы жасөпірім қыз Малала Юсуфзайды өлтіруге бұйрық берген. Басынан ауыр жараланып, дәрігерлер аман алып қалған Юсуфзайға 2014 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілді.

Фазлулланы халықаралық террорист деп жариялау туралы ақпарат АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Равалпиндиде Пәкістан армиясының қолбасшысы, генерал Рахил Шарифпен және премьер-министр Наваз Шарифпен кездесуінен кейін тарады

Тегтер:

АҚШ әлем

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?