Ресей Думасының депутаттары Антарктидада жоғалып кетті

Фотография - Ресей Думасының депутаттары Антарктидада жоғалып кетті

Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Александр Сидякиннің өкілі депутаттың Антарктидада жоғалып кеткенін хабарлады.

486 0

Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Александр Сидякиннің өкілі депутаттың Антарктидада жоғалып кеткенін хабарлады. 

Сидякиннің көмекшісі сондай-ақ, Думаның тағы бір дерутаты Олег Савченконың да мұзды материкте хабарсыз кеткенін айтып отыр.

Сидякин мен Савченко гидпен бірге жаттығу лагерінен Винсон тауына қарай барып, оның шыңына Ресей мен Татарстанның және Волгоград облысын туларын тігуді жоспарлаған көрінеді.

Өзін Твиттер желісінде Павел деп таныстырған азамат Сидякиннің баспасөз хатшысы екенін айтқан және қос депутаттың жоғалуына байланысты дабыл қақты.

Оның айтуынша, халық қалаулылары осыдан бір тәулік бұрын байланысқа шығуы тиіс болған.  

 

 

Baq.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?