688

Ресей мен Венесуэла басшылары мұнай бағасын талқылайды

Бүгін Венесуэла президенті Николас Мадуро Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.
Фотография - Ресей мен Венесуэла басшылары мұнай бағасын талқылайды

Бүгін Венесуэла президенті Николас Мадуро Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Мадуро бұған дейін мұнай бағасын көтеру үшін мұнай өндіру көлемін азайтуға көндірмек болып Иранға, Сауд Арабиясына, Катар мен Алжирге сапарлап барған. Мадуро сапарын Ресеймен аяқтамақ.

Ресей мен Венесуэла экономикасы негізінен көмірсутек шикізатына тәуелді. Мұнай бағасы осы аптада соңғы алты жылда болмаған деңгейге дейін арзандады.

Мәскеудегі ресми тұлғалар қолдан қандай да бір әрекет жасап, нарықтағы жағдайды өзгерту мүмкін емес дейді. Ресей энергетика министрі Александр Новак қаңтардың 14-інде нарық мұнай бағасының арзандауына қатысты жағдайды өзі реттейді деп мәлімдеген.

azattyq.org

Загрузка...