Малайзияның шығысында болған су тасқынынан үш мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды

Фотография - Малайзияның шығысында болған су тасқынынан үш мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды

Малайзияның шығысында болған апат салдарынан 3,2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.

399 0

Малайзияның шығысында болған апат салдарынан 3,2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Елдің Саравак штатында көптеген мектептерде оқу уақытша тоқтатылды, көліктердің жүру уақыты да өзгерді. Билік босқындардың көбеюіне дайындалуда. Өйткені ауа райы болжамына сәйкес, жақын арада жауын-шашын мөлшері күшейеді, деп хабарлады Star газетінің электрондық нұсқасы.

50 жыл ішіндегі ең күшті апат Малайзияда өткен жылдың желтоқсанында болған. Онда елдің шығысы мен батысында 10-нан астам адам қаза тапты,  250 мыңнан астам адам өз үйлерінен көшуге мәжбүр болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, шығын шамамен 284 млн. долларды құраған.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?