551

Рим Папасы Франциск Филиппинге жасаған сапарын аяқтады

Рим Папасы Франциск Азиядағы ең көп католиктер шоғырланған Филиппин еліне жасаған сапарын аяқтады.
Фотография -  Рим Папасы Франциск Филиппинге жасаған сапарын аяқтады

Рим Папасы Франциск Азиядағы ең көп католиктер шоғырланған Филиппин еліне жасаған сапарын аяқтады. Вилламор әуебазасына аттанған понтификті көптеген халық жол бойына жиналып, қол бұлғап шығарып салды. Рим Папасы Филиппиннен Рим қаласына аттанды.  Әуежайда оны шығарып салу үшін ел президенті Бенигно Акино, шіркеудің басқару тобы мен жетім балалар келді. Олар: «Папа Франциск, біз сізді сүйеміз!», - деп қоштасты. Ол Азияға жасаған сапар барысында Шри-Ланкада да болып қайтты. Манила қаласының саябағында бұқаралық кездесу өткізді. Бұл жиынға ресми мәліметтер бойынша, шамамен 6 млн адам қатысқан. 31 

Хабар

Загрузка...