Тәжікстанда 22 келі есірткі тәркіленді

Фотография - Тәжікстанда 22 келі есірткі тәркіленді

Тәжікстандағы есірткі айналымын бақылау агенттігінің қызметкерлері Ресей Федерациясына есірткі тасымалдамақ болған қылмыстық топты ұстады.

513 0

Тәжікстандағы есірткі айналымын бақылау агенттігінің қызметкерлері Ресей Федерациясына есірткі тасымалдамақ болған қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы аталмыш агенттіктің қоғамдық қарым-қатынастар орталығының басшысы Хушнуд Рахматуллаев хабарлады. «Топтың жетекшісі әскери құрылымда жұмыс істейтін майор шеніндегі азамат болған. Оның екі сыбайласы Душанбе тұрғындары, ал қалған үшеуі Соғды облысынан», - деді ол. Оның айтуынша, үйді тінту кезінде қызметтік ит 22 келі есірткі жасырынған жерді тауып, оның ішінде 5 келісі героин екені анықталған.  Топтың төрт мүшесі ұсталды, бесіншісі қашып құтылған, оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?