542

Брюссельде ЕО сыртқы істер министрлері кездеседі

Бүгін Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде Еуропадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылауға жиналады.
Фотография - Брюссельде ЕО сыртқы істер министрлері кездеседі

Бүгін Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде Еуропадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылауға жиналады.

ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини кездесу қарсаңында соңғы аптада қарулы қақтығыстар күшейген Шығыс Украинадағы дағдарысқа ықпал ету мүмкіндіктері қарастырылатынын мәлімдеген. 

Министрлердің Сирия, Ирак мәселелері және радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымымен күрес сияқты кейбір бағыттарда Ресеймен ынтымақтастықты "біртіндеп" және "таңдау жасай отырып" қайта қалпына келтіру қадамдарын қарастырмақ.

Кездесуде "Ислам мемлекеті" тобы тарапынан төнетін қауіп жайлы да талқылануы мүмкін.

 

 

azattyq.org

Загрузка...