Панамада бір тоннадан астам кокаин тәркіленді

Фотография - Панамада бір тоннадан астам кокаин тәркіленді

Панамада есірткі контрабандасымен күрес аясында 1,1 тоннадан астам кокаин тәркіленді. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, кокаиннің ірі партиясы Кариб жағалауы ауданындағы Тигре аралында табылған.

481 0

Панама арнайы қызметтерінің ақпаратынша, кокаин Колумбиядан аралға тез жүретін катермен жекізілген. Контрабандашылар жүкті тастап, іздерін жасырған, қазір оларға іздеу жарияланды.

Әдетте есірткі сатушылар Панама аумағын есірткі партиясын АҚШ пен Еуропа елдеріне тасымалдау үшін пайдаланып жатады. Панама билігі соңғы жылдары АҚШ жағалау күзетінің қолдауымен есірткі контрабандасына қарсы күресті едәуір күшейтті, деп жазады ИТАР-ТАСС.

bnews.kz сайтынан

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?