Малайзия билігі су тасқынынан зардап шеккен аудандардан 7 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды

Фотография - Малайзия билігі су тасқынынан зардап шеккен аудандардан 7 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды

Малайзияның шығысында болған су тасқыны салдарынан қауіпсіз жерге шығарылғандардың саны 7 мың адамға жақындап келеді

475 0

Малайзияның шығысында болған су тасқыны салдарынан қауіпсіз жерге шығарылғандардың саны 7 мың адамға жақындап келеді, деп хабарлады ТАСС.

Апаттан қатты зардап шеккен ең ірі штат Саравак болып отыр. Мұнда көптеген мектептер жабылып, басты магистральдардағы қозғалыс тоқтатылды, сонымен бірге кей жерлерге энергия тарату уақытша тоқтатылды. Билік босқындарды орналастыратын пункттер ашуда. Өйткені жаңбырдың тоқтамауына қарағанда, жағдай ушығуы мүмкін.  

Малайзияның шығыс және солтүстік штаттары өткен желтоқсанда да мол қиыншылықтан өтті. Онда соңғы 50 жыл ішіндегі ең күшті апат болды. Онда 10-нан астам адам апат құрбаны болды,   250 мыңнан астам тұрғын үйін тастауға мәжбүрленді.  

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?