АҚШ- та бес жасар бала абайсызда тоғыз айлық інісіне оқ атты

Фотография - АҚШ- та бес жасар бала абайсызда тоғыз айлық інісіне оқ атты

Нодэуэй округінің шерифі Даррен Уайттың хабарлауынша, қайғылы оқиға дүйсенбіде Канзас-Сити қаласында болған

372 0

Америкалық  Миссури штатында  бес жасар бала абайсызда тоғыз айлық інісіне оқ атты, деп хабарлайды РИА Новости  Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Нодэуэй округінің шерифі Даррен Уайттың хабарлауынша, қайғылы оқиға дүйсенбіде Канзас-Сити қаласында болған. 

 
Жергілікті БАҚ мәліметінше, ұл бала үйден оқталған тапақшаны тауып алып, тоғыз айлық інісіне қаратып абайсызда шүріппені басып, атып алған. 
Шерифтің айтуынша,  қайғылы оқиға кезінде бала жаңа жүре бастаған балаларға арналған қоршауда ойнап жүрген. Полиция болған оқиға кездейсоқтық деп есептейді. Тергеу жүргізілуде.

 

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?