Ресей Эболамен күреске 8 млн. доллар бөлмек

Фотография - Ресей Эболамен күреске 8 млн. доллар бөлмек

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 2015 жылы Эбола безгегімен күреске 8 млн. доллар бөлу туралы өкімге қол қойды

296 0

 Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 2015 жылы Эбола безгегімен күреске 8 млн. доллар бөлу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады осы ел үкіметінің баспасөз қызметінен.

Хабарламада нақтыланғандай, 2 млн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бюджетіне, 2 млн - БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) бюджетіне бөлінді.

3 млн. доллар аурудан зардап шеккен елдерді қалпына келтіру үшін Дүниежүзілік банктің мақсатты қорына, 1 млн. доллар - БҰҰ ауруға ден қою жөніндегі көп жақты мақсатты қорға бөлінбек. ДДСҰ соңғы деректері бойынша Эбола вирусынан қаза тапқандар саны Батыс Африкада 8 468-ге жетті.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?