Лавров: АҚШ әлемге үстемдік еткісі келеді

Фотография - Лавров: АҚШ әлемге үстемдік еткісі келеді

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Барак Обаманың америкалықтарға арналған жыл сайынғы дәстүрлі үндеуі АҚШ-тың "әлемде үстемдік құрғысы келетінін" көрсетеді деп мәлімдеді.

386 0

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Барак Обаманың америкалықтарға арналған жыл сайынғы дәстүрлі үндеуі АҚШ-тың "әлемде үстемдік құрғысы келетінін" көрсетеді деп мәлімдеді.

Қаңтардың 21-інде жылдық баспасөз жиынында сөйлеген Лавров "Барак Обаманың сөз ыңғайынан байқалған "әлемде біз біріншіміз, өзгелері мұны мойындауы тиіс" деген идея АҚШ-тың "философиялық ұстанымының өзегі" деді.

Лавровтың сөзінше, өзгелерге әмірін жүргізу АҚШ-тың "генетикалық кодында бар нәрсе".

Барак Обама қаңтардың 20-сында конгресс алдында америкалықтарға арнаған жолдауын жариялаған. Ол "бірнеше жылғы соғыс пен экономикалық дағдарыстан кейін АҚШ-тағы дағдарыс елесі жойылғанын" айтып, "әскери күш-қуат пен берік дипломатияға сүйенген Американың көшбасшылық рөлі" стратегиясын жалғастыра беру қажет деген.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?