542

Содырлар Йемендегі Халықаралық банк бөлімшесіне шабуыл жасады

«Әл-Каида» террористік ұйымының содырлары Йеменнің Эль-Мукалла қаласындағы (Хадамаут губернаторлығы) Халықаралық банктің бөлімшесіне шабуыл жасап, ірі мөлшердегі ақшаны иеленіп кеткен.
Фотография - Содырлар Йемендегі Халықаралық банк бөлімшесіне шабуыл жасады

«Әл-Каида» террористік ұйымының содырлары Йеменнің Эль-Мукалла қаласындағы (Хадамаут губернаторлығы) Халықаралық банктің бөлімшесіне шабуыл жасап, ірі мөлшердегі ақшаны иеленіп кеткен. Бұл туралы жергілікті ақпарат көзіне сілтеме жасаған Sputnik агенттігі хабарлады. Агенттіктің мәлімдемесі бойынша, «Аль-Каидамен» байланысты содырлар банкке баса-көктеп кіріп, қызметкерлерін қарумен қорқытып, ірі көлемдегі ақшаны алып кеткен. Йемендегі жағдай 2011 жылы билік ауысқаннан бері тұрақсыз болып қалуда. Билік басындағылар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, елдің оңтүстігіндегі «Әл-Каида» содырларының лаңкестік әрекеттері тыйылар емес. Оған қоса, «Ансар Алла» шииттік қозғалыс мүшелері отын бағасының күрт өсуіне байланысты бірнеше аймақта жаппай наразылық шараларын ұйымдастырып,  жағдайды одан әрі ушықтыруда. Үкіметтің мұнай өнімдерін субсидиялауды тоқтату шешімі отын бағасының өсуіне сеп болды.  

Хабар

Загрузка...