769

Ямайка үкіметі марихуананы заңдастырды

Ямайканың министрлер кабинеті арал тұрғындарына аз көлемде марихуана сақтауға рұқсат беретін заңды мақұлдады. Енді құжат Сенаттың қолдауына ие болуы керек.
Фотография - Ямайка үкіметі марихуананы заңдастырды

Ямайканың министрлер кабинеті арал тұрғындарына аз көлемде марихуана сақтауға рұқсат беретін заңды мақұлдады. Енді құжат Сенаттың қолдауына ие болуы керек.

Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Жаңа заңнама акті медициналық және рекреациялық мақсатта жеңіл есірткіні өсіру және тарату ережесін бекітеді.

Аралдың растафариандық қозғалысы жаңашылдықты қолдады. Өйткені   каннабис діни ғұрыпта пайдаланылады.

Қоғамдық орындарда марихуананы шегуге тыйым салынған. Ол өзгеріссіз қалды.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...