Керри: Сепаратистер Украинаның көп жерін басып алғысы келеді

Фотография - Керри: Сепаратистер Украинаның көп жерін басып алғысы келеді

Мәскеу қолдайтын сепаратистер Шығыс Украинадағы қақтығыс аймағында барынша көп территорияны басып алуға тырысып жатыр деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қаңтардың 21-інде Вашингтонда Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могеринимен кездесуден кейін.

419 0

Керри АҚШ сепаратистердің Дебальцевода кең ауқымды шабуылдарға көшу нышаны барына және ірі теміржол желісін басып алуға тырысып жатқанына алаңдаулы екенін айтты. АҚШ сепаратистердің қақтығыс аймағындағы территориясын кеңейту әрекетін "Минскіде келісілген келісімді өрескел бұзу" деп санайды.

Керридің сөзінше, Вашингтон Украинаның территориялық тұтастығына қол сұғу әрекетін айыптап, Украинаны қолдауға, оның ішінде экономикалық қиындықтармен күресуіне барынша көмектесуге ниетті.

Федерика Могерини АҚШ пен ЕО арасында Украина шығысындағы дағдарысты шешуге қатысты бірдей ұстанымда екенін айтты. Оның айтуынша, Мәскеуге қарсы экономикалық санкциялар салу стратегиясы бірлесе жасалады.

Могерини болашақтағы санкцияға қатысты қандай да бір шешім Ресейдің Минск келісімінде өзіне алған міндеттемелерді орындауына байланысты екенін ескертті.

azattyq.org

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?