628

АҚШ-та 40 жыл түрмеде отырған кінәсіз ер адам босатылды

Американдық Уайтвилл қаласының (Солтүстік Каролина штаты) соты қатесіз сот шешімімен темір торда 40 жылға жуық отырған 70 жастағы Джозеф Слэджды түрмеден босатуға қаулы шығарды.
Фотография - АҚШ-та 40 жыл түрмеде отырған кінәсіз ер адам босатылды

Американдық Уайтвилл қаласының (Солтүстік Каролина штаты) соты қатесіз сот шешімімен темір торда 40 жылға жуық отырған 70 жастағы Джозеф Слэджды түрмеден босатуға қаулы шығарды, деп хабарлады ТАСС.

1976 жылы Слэдж 74 жастағы әйелді және оның 57 жастағы қызын өлтірді деген айыппен өмір бойы түрмеде отыруға кесілген болатын. Алайда жақында жүргізілген ДНК сараптамасы ер адамның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетті. Сонымен бірге, басты куәгерлердің бірі өзінің дәлелдерінен бас тартты.

Сот істің жаңа жағдайларын зерделегеннен кейін Слэджді кінәсіз деп таныды. Түрме қақпасынан шыққан ер адам журналистерге енді "нағыз кереуетте жақсылап ұйықтап алатынын" айтты.

Американдық БАҚ-тың мәліметтеріне қарағанда, 1973 жылдан бері АҚШ-та түрмеге қателікпен түскен 150-ге тарта адам босатылған. 

ҚазАқпарат 

 

Загрузка...