The Telegraph: Литвиненконың өліміне Кремльдің қатысы бар

Фотография - The Telegraph: Литвиненконың өліміне Кремльдің қатысы бар

Ресей барлау қызметінің бұрынғы агенті Александр Литвиненконың өліміне негізгі күдіктілердің өзара жазысқан хаттарынан қазаға Ресей билігінің қатысы бар екенін дәлелдейтін деректер АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) қолына түскен.

6247 0

Ресей барлау қызметінің бұрынғы агенті Александр Литвиненконың өліміне негізгі күдіктілердің өзара жазысқан хаттарынан қазаға Ресей билігінің қатысы бар екенін дәлелдейтін деректер АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) қолына түскен. Бұл туралы британдық The Telegraph басылымының бүгін шыққан санында айтылған.

«Америкалық арнайы қызметтің қолына түскен деректерде Литвиненкоға у берілген кезде Лондон мен Мәскеудегі басты тұлғалардың электронды хатпен жолдаған хабарламалары бар» екенін жазады басылым. Бұл деректер британ үкіметіне берілген, бірақ британ соты айғақ ретінде қабылдап ала алмайды деп жазады газет.

Литвиненконың жесірі Марина АҚШ ҰҚА-не аталған хаттардың мазмұнын жариялауды сұрап өтініш жасады. Ол тың деректерді бұрынғы судья Роберт Оуэнге тапсыруды өтінген. Оуэн қаңтардың 27-і күні Лондонның жоғарғы сотында Литвиненконың өліміне қатысты басталатын сот тыңдауына төрағалық етеді.

2006 жылы күзде Лондондағы қонақүйлердің бірінде бұрын Ресей арнайы қызметінде бірге істеген әріптесімен шай ішіп, кейін полоний радиоактивті затымен уланғаны анықталған Александр Литвиненко арада үш апта өткенде ауруханада қайтыс болған.

Радиоактивті зат – полонийден уланған Александр Литвиненко 2006 жылы қарашада Лондонда қайтыс болған. Ол Ұлыбританияның барлау қызметіне (МИ-6) жұмыс істеген деген сөз де бар. Литвиненконың туыстары ол Кремльдің тапсырысы бойынша өлтірілген деп санайды. Мәскеу ондай айыпты жоққа шығарады. Өлерінің алдында Литвиненко өзіне у беруге қатысы бар деп Ресей президенті Владимир Путинді айыптаған еді.

azattyq.org


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?