Грекияда парламенттік сайлау басталды

Фотография - Грекияда парламенттік сайлау басталды

Бүгін Грекияда уақытынан бұрын парламенттік сайлау басталды

409 0

Бүгін Грекияда уақытынан бұрын парламенттік сайлау басталды деп хабарлайды Agence France-Presse. 

Жергілікті уақытпен сағат 07.00-де елдің барлық аймағында 19 мың сайлау учаскелері ашылған. Сайлаушылардың барлық саны 9 млн 808 мың 760 адам деп хабарлайды Грекия ІІМ. Ал, сайлаудың нәтижесі науқан аяқталғаннан кейін екі сағаттан соң белгілі болмақ.

Айта кетейік, парламент президентті сайлай алмағаннан кейін Конститция бойынша таратылып жіберді.

Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесі көрсеткендей, сайлауда солшыл радикалдардың СИРИЗА партиясы жеңіске жетуі әбден мүмкін. Егер ол жеңетін болса Грекия Еуроодақтан шығарылады.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?