АҚШ-та екі ұшақтың жолаушылары қауіпсіз жерге шығарылды

Фотография - АҚШ-та екі ұшақтың жолаушылары қауіпсіз жерге шығарылды

Халықаралық Сиэтл - Таком (Вашингтон штаты) әуежайында жексенбі күні қауіпсіздікті сақтау мақсатында екі ұшақ жолаушылары құтқарылды.

451 0

Халықаралық Сиэтл - Таком (Вашингтон штаты) әуежайында жексенбі күні қауіпсіздікті сақтау мақсатында екі ұшақ жолаушылары құтқарылды. Бұл туралы The Associated Press агенттігі хабарлады. 

Әуежай баспасөз хатшысы Перри Купердің айтуынша, қауіпсіз жерге Лонг-Бич (Калифорния штаты) қаласынан келген JetBlue авиакомпаниясының және Финикстен (Аризон штаты) келген Sky West компаниясы лайнерінің жолаушылары көшірілген.

Купер оқиғаның мән-жайын нақтыламады. Жергілікті БАҚ-та бұл оқиға жарылғыш зат қойылған деген ақпаратқа байланысты орын алғаны айтылады.

ҚазАқпарат


Тегтер:

АҚШ ұшақ

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?