Пәкстанда 3 мыңға жуық молда мен медресе ұстаздары қамалды

Фотография - Пәкстанда 3 мыңға жуық молда мен медресе ұстаздары қамалды

Пәкстанның арнайы қызметі лаңкестік күдігімен кемі 9 мың адамды қамауға алды

434 0

Пәкстанның арнайы қызметі лаңкестік күдігімен кемі 9 мың адамды қамауға алды деп жазады The Hindu. 

Қамалғандардың ішінде 3 мыңнан аса молда мен медресе ұстаздары бар. Сондай-ақ, тағы 3,5 мың ауған босқындары уақытша ұстау абақтысында. Қамауға алынғандардың ең көп бөлігі пуштундар жайлаған Хайбер-Пахтунхва провинциясына тиесілі. Мұнда барлығы 6702 адам тұтқындалған.

Айта кетейік, Пәкстан билігі лаңкестермен күресті күшейту мақсатында арнайы операциялар жүргізуді қолға алды. Осылайша мемлекет тәлібтерді әлсіретіп, түп-тамырымен жоямыз деп білек түріп отыр. Аталған операцияларға барлық күштік құрылымдар мен еріктілер де тартылуда. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?