Барак Обама Үндістан жастарымен кездеседі

Фотография - Барак Обама Үндістан жастарымен кездеседі

АҚШ президенті Барақ Обама Үндістанға сапарының соңғы күнінде бейресми кездесу өткізбекші

309 0

АҚШ президенті Барақ Обама Үндістанға сапарының соңғы күнінде бейресми кездесу өткізбекші. Ақ үй басшысы жергілікті белсенді жастармен жолығып, ашық әңгімелесуге дайын.Бұл туралы Би-би-си хабарлады. 

Делидегі бизнес-форумда Америка көшбасшысы екі жақты экономикалық байланыс әлі де болса толық өз потенциалын көрсеткен жоқ деді.

Жексенбі күні Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Обама атом бомбасына қатысты  мәселеде бейбітшілік келсімге келді.

АҚШ пен Үндістан арасында соңғы 10 жылда қарым-қатынас қарқынды болған жоқ. Сарапшылар осы үзіліп қалған байланыстың қайтадан жандануына қуанышты.

Обама Үндістанға іс-сапармен екі мәрте келген АҚШ-тың алғашқы президенті болды. Бұрын Делиге Ақ үй президенттерінің ешқайсысы екі рет келіп көрмепті. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?