Лондонда Литвиненко өліміне қатысты іс қайта қаралады

Фотография - Лондонда Литвиненко өліміне қатысты іс қайта қаралады

Лондонда бүгін Ресей арнайы қызметінің бұрынғы офицері және диссидент Александр Литвиненконың өлімін ашық тергеу қорытындысы бойынша сот тыңдауы басталады

307 0

Лондонда бүгін Ресей арнайы қызметінің бұрынғы офицері және диссидент Александр Литвиненконың өлімін ашық тергеу қорытындысы бойынша сот тыңдауы басталады.

Тергеушілер Ресей билігінің сегіз жыл бұрын қайтыс болған Литвиненконың өліміне қатысы бар ма деген сауалға жауап іздеген. Александр Литвиненко 2006 жылы қараша айында Лондондағы Mayflower қонақүйінен шай ішкеннен үш аптадан кейін қайтыс болған. Тергеушілер шайға сирек кездесетін радиоактивті зат қосылғанын анықтаған.

Британдық тергеушілер 2006 жылы қарашаның 1-і күні Лондондағы Mayflower қонақүйінде Литвиненкомен кездескен Ресей азаматтары Андрей Луговой мен Дмитрий Ковтунның улауға қатысы бар деп санайды.

Сот тыңдауы болжам бойынша екі айға жуық уақытқа созылуы мүмкін. Сотты судья Роберт Оуэн жүргізеді.  

Оуэн бұған дейінгі Литвиненконың өлімін тергеуде коронер (құпия өлімді тергеп, анықтайтын адам) болған. Ол тергеу барысында Оуэн Литвиненконың өліміне Ресей билігі айыпты екенін дәлелдейтін айғақтар жеткілікті деп мәілмдеген.

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?