423

АҚШ сенаторлары Иранға жаңа санкциядан бас тартты

АҚШ сенатының он мүшесі Иранға қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыратын заң жобасын қолдаудан бас тартты
Фотография - АҚШ сенаторлары Иранға жаңа санкциядан бас тартты

АҚШ сенатының он мүшесі Иранға қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыратын заң жобасын қолдаудан бас тартты.

Заң жобасын ұсынғандардың бірі, сенаттың халықаралық істер комитетінің төрағасы, Демократиялық партия өкілі Роберт Менендес өзі және сенаттың тағы тоғыз мүшесі президент Барак Обамаға хат жазып, Иранға қарсы жаңа санкция салу ұсынысын наурыз айының соңына дейін ысыра тұратындарын хабарлаған. Бұл туралы қаңтардың 27-сінде өткен сенат отырысында Менендестің өзі мәлімдеді.

Оның сөзінше, хат авторлары аталған заң жобасын егер Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге қатысты "алдын-ала келісім жасалмаған жағдайда" ғана қолдайтын болады.

Сенаторлар Иранмен келіссөзде дипломатиялық шешім шығарына үміттенсе де, Тегеранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа құрылғанын дәлелдеуге дайын екеніне күмәнмен қарайды. Президент Обама бұған дейін Иранмен келіссөз жалғасып жатқан тұста кез-келген санкцияға вето қоятынын мәлімдеген.

 

azattyq.org

Загрузка...