ИМ шетелдік екі адамды өлтіретінін мәлімдеді

Фотография - ИМ шетелдік екі адамды өлтіретінін мәлімдеді

Радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы Иордания билігіне бопса жасаған жаңа видео таратты. Видеода ұйым егер Иордания қолға түскен Ирак содырын босатпаса онда иорданиялық ұшқыш пен жапон журналисін өлтіретінін ескертеді

342 0

Радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы Иордания билігіне бопса жасаған жаңа видео таратты. Видеода ұйым егер Иордания қолға түскен Ирак содырын босатпаса онда иорданиялық ұшқыш пен жапон журналисін өлтіретінін ескертеді.

Видео жазбада иордан ұшқышы Муат әл-Касасбехтің суретін ұстап тұрған жапониялық фотограф Кенджи Гото көрсетіледі. Кадр сыртында Готоның даусына ұқсас дауыспен ер адам Иордания өзін-өзі жарып жібермек болған ирактық содыр Саджид әл-Ришавиді түрмеден босатудан бас тартқандықтан жапон журналисінің босатылуына кедергі келтіріп отыр дейді. Саджид әл-Ришави 2006 жылдан бастап Иордания түрмелерінің бірінде өзіне шығарылған өлім жазасының орындалуын күтіп жатыр.

Жапония үкіметі қазір Иордания билігінің журналистің босауына ықпал ету жағын қарастырып жатқанын хабарлады. Өткен аптада "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары кепілдегі бір жапон азаматын өлтіргенін мәлімдеп, егер Ришави босатылмаса Готоны да өлтіретіндерін ескерткен.

 

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?