Грекия Ресейге жаңа санкция салуға қарсы шықты

Фотография - Грекия Ресейге жаңа санкция салуға қарсы шықты

Еуропа дипломаттарының айтуынша, Еуропа Одағына (ЕО) мүше 28 елдің елшілері Грекияның қарсы шығуынан Ресейге жаңа санкциялар салу мәселесінде мәмілеге келе алмаған.

453 0

Еуропа дипломаттарының айтуынша, Еуропа Одағына (ЕО) мүше 28 елдің елшілері Грекияның қарсы шығуынан Ресейге жаңа санкциялар салу мәселесінде мәмілеге келе алмаған.

ЕО елдері елшілері қаңтардың 28-і күні Брюссельде ресейлік компаниялар мен шенеуніктерге, Украинаның шығысындағы сепаратистерге қарсы жаңа шектеу шараларын енгізу және желтоқсан айында салынған санкцияларды ұзарту жөнінде кездесу өткізген.

Грекия өкілдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға қарсылық білдірген. Ресейге жаңа санкция салып, бұрынғы санкцияны ұзарту үшін одаққа мүше 28 елдің барлығының келісімі қажет. Қаңтардың 29-ы күні ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері келіссөз өткізеді. Бүгін жиынның қарсаңында елшілер тағы бір рет кездеседі.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың әкімшілігі қаңтардың 27-сі күні ЕО басшыларының жаңа мәлімдеме жасауына қатысты кеңесуіне Грекия өкілдерінің қатыстырылмағанына байланысты шағым жасады. ЕО басшылары ол мәлімдемелерінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға шақырған еді.

 

 

azattyq.org



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?