1105

Ресейде мас анасы аязда тастап кеткен 1 жасар бала үсіп қалған

РФ Приморье өлкесінде «кәмелет жасқа толмаған балаға тәрбие беру міндетін тиісті орындамағаны» үшін әйел адамға қылмыстық іс қозғалды.
Фотография - Ресейде мас анасы аязда тастап кеткен 1 жасар бала үсіп қалған

РФ Приморье өлкесінде «кәмелет жасқа толмаған балаға тәрбие беру міндетін тиісті орындамағаны» үшін әйел адамға қылмыстық іс қозғалды. Өлке тұрғыны аязды түні бір жасар баласын далаға қалдырып кеткен. Қыз баланың қолы, аяқтары үсіп, қатты суық тиген, деп хабарлады өңірдің ІІМ басқармасынан. 

ТАСС агенттігінің жазуынша, оқиға Михайловка ауылында болған. Алдын ала деректер бойынша, ішімдік ішіп, мас болған әйел баласын далада қалдырып кеткен.

«36 жастағы әйел туған күн тойлап, үйіне мас болып оралады. Үйге жеткенде қол арбадағы баласын сыртта ұмытып, өзі үйге кіріп ұйықтап қалған», - деді ведомство өкілі. Үсіп қалған баласын жұмыстан оралған әкесі көріп, дереу дәрігер шақыртады.

Сол түні ауа температурасы -20 градустан төмен болған. Мұндай жағдай аталған аймақта бірінші рет орын алып отырған жоқ. Бірнеше күн бұрын Владивостокта мас ата-анасы төрт жасар баласын кіреберісте ұмытып кеткен.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...