519

Францияда полицейлер 8 жасар «лаңкесті» тергеуге алды

Францияның Ницца қаласының полицейлері Charlie Hebdo журналының қызметкерлерін өлтірген лаңкестердің әрекеттерін толығымен қолдайтынын мәлім еткен 8 жасар мектеп оқушысын тергеуге алды.
Фотография - Францияда полицейлер 8 жасар «лаңкесті» тергеуге алды

Францияның Ницца қаласының полицейлері Charlie Hebdo журналының қызметкерлерін өлтірген лаңкестердің әрекеттерін толығымен қолдайтынын мәлім еткен 8 жасар мектеп оқушысын тергеуге алды.

Жергілікті басылымдарда хабарланғанындай, 2-сынып оқушысы лаңкестердің жасап отырған әрекеттерін толығымен қолдайтынн айтып, қаза болған журналистерді еске алуға арналған 1 минут үнсіздікке қатысудан бас тартқан. Мектеп басшылығы бұл жөнінде дереу полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

«Біз мектеп оқушысы мен оның әкесін мектепке шақырып, баланың ойына мұндай радикалды пікірлердің қайдан келгенін анықтауға тырыстық. Терроризмнің не екенін сұрағанымызда бүлдіршіннен мардымды жауап ала алмадық, ол мұның тіпті не екенін де білмейді. Белгілі болғанындай, бала өзінің не айтып, не қойғанын түсінбейді. Дегенмен, бұл жөнінде оның санасына біреулердің не бір жайдың әсер еткені анық», - дейді қалалық полиция өкілдері.

 

 

Bnews.kz. сайтынан

Загрузка...